Астанада көпқабатты пәтерден өрт шықты

Жаңалықтар
327

Елордада 12-қабаттағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сағат 21:30-да Қайым Мұхамедханов көшесінде пәтер өртеніп жатыр деген хабар түсіп, елордалық өрт сөндірушілер оқиға орнына аттанды.

Құтқарушылар тиісті адреске келген кезде 12-қабаттағы пәтердің терезесінен сыртқа жалын көрініп, ас үйде және балконда тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды. Өрт аумағы анықталуда.

Сағат 21:51-де өрт сөндірушілер өртті ауыздықтады" делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге Астана қаласының ТЖД жеке құрамының 24 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...