Медиа-этикасы және балалардың құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жаңалықтар
892

Ол жайында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

 

«Бүгін «Медиа-этикасы және балалардың құқығын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік.

Жиынға халықаралық ұйымдар өкілдері, журналистер мен сарапшылар және өзге де мүдделі органдардағы әріптестеріміз арнайы қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Таяуда ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңейтілген кеңесте әйелдер мен балалардың құқығын қорғау шараларын заңнамалық тұрғыдан күшейтуді, отбасы құндылықтарын насихаттауға баса назар аударуды тапсырғаны белгілі.

Бүгінде бала құқығын қорғау мәселесі өте өзекті. Әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдарында бала құқығының сақталуына ерекше мән беруге тиіспіз. Бұл тақырып кімді болсын бей-жай қалдырмасы анық.

Бұл мәселеде министрлік тарапынан арнайы ұсыным әзірленді, онда жиын барысында айтылған салмақты ой-пікірлер де ескерілді. Ұсыныстардың барлығы бір құжатқа жинақталып, БАҚ-та жарияланады. 

Біз бұл мәселеде ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқығы туралы конвенциясын назарға алуға тиіспіз.

Ақпараттық кеңістік – балалардың рухани-адамгершілік және құқықтық мәдениетін қалыптастырудың маңызды факторларының бірі.

БАҚ-тағы бала құқы, этика сақтау мәселесінде терең зерттеулер жүргізілуі қажет. Серминар-треннингтер ұйымдастырып, журналистердің біліктілігін арттыруды көздеп отырмыз.

Сондықтан бүгінгі басқосудың маңызы зор деген ойдамыз», – деді министр.

Мәдениет порталы

Жаңалықтар

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруд...

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...