Бұл – Қазақстанда өз тарихы бар жалғыз бал. «Болашақ» корпоративтік қоры ерек...
Әйелдер қанаты – қоғамның алдыңғы легінде
Фотосурет ашық дереккөзден
«AMANAT» партиясы жанынан құрылған Әйелдер қанатының «Tomiris» әйел адамдар көшбасшылығы жобасы шеңберінде өткізген курстарына еліміздің әр аймағынан 200-ге жуық нәзік жандылар қатысты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Бұл күні «AMANAT» партиясының Төрағасы Е. Қошанов оқуға келген әйелдермен кездесті. Кездесу кезінде елімізде АЭС құрылысына қатысты мәселелер талқыланып, алдағы 6 қазанда болатын референдумға даярлық барысы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауында көрсетілген тапсырмалардың орындалу жайы сөз болды.
Жиында Мәжіліс Спикері Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың әйелдер қауымының қоғамның тұрмыс-тіршілігіндегі және жалпы ел дамуындағы қосып жатқан үлестерінің үлкен екенін қашанда еске салып отыратынын жеткізді. Сонымен бірге Ерлан Қошанов барлық мекеме-ұйымдарда гендерлік теңдікті сақтау, нәзік жандылардың мүддесін қорғау, сондай-ақ отбасы мен әулеттің құндылықтарын күшейту мәселелері әрдайым басты назарда болатынын атап өтті.
Ерлан Қошанов Әйелдер қанаты кейінгі жылдары саяси ұйымның жергілікті жерлердегі сенімді тірегіне айналып, көптеген іс-шұаралардың бел ортасында жүретіндегін әңгіме өзегіне арқау етті. Атап айтқанда, бұл ұйымның бірінші форумында отбасылық өмірдегі, күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі зорлық-зомбылық мәселелері сөз болды. Жақында ғана бұл мәселе Парламент мінберінде қызу талқыланып, артынша қоғамға қажетті тиісінше заң қабылданып, ол заң ендігі күшіне де еніп қойды. Міне, бұл қоғам үшін аса қажетті құжаттарды заң шығарушы органның жедел қабылдай алатын қабілетін көрсетеді. Сондай-ақ тұрғындарды қарыздық берешегін азайту, құмар ойындары мен басқа да зиянды әуестіктерге қарсы күрес жөнінде жаңа заңдар қабылданып, ол жайттың барлығы Әйелдер қанаты өкілдерінің ұйытқы болуымен көтерілгені және жүзеге асырылғаны айтылды.
Жиынға қатысушы Әйелдер қанаты республикамыздағы ең маңызды уақиға – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын да тереңнен талқылап, әр тарауы болынша талдау жасады. «AMANAT» партиясының басшысы әрбір Жолдаудың мән-маңызы өзінше жүк көтеретінін айта келіп, бұл халықтың сұранысы мен қажеттілігіне қарай құрылғандығын, соның негізде айқындалған нақты іс-қимыл жиынтығының көрінісі екенін тілге тиек етті. Мәселен, кейінгі уақыттарда бизнес пен қарапайым тұтынушы энергия тапшылығын қатты сезініп отырғаны баршаға аян. Сол себепті атом электр станциясын салу республикамызды көрші мемлекеттерге энергетикалық тәуелсіздіктен арылтып, экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі және ел дамуының қарқынын арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік берері сөзсіз. Міне, осы мәселе Жолдауда нақты көрініс тапқан.
Мәжіліс Спикері атом электр станциясын салу идеясы халықтың басым көпшілігі тарапынан қолдау тауып, Мемлекет Басшысының ойымен толықтай келісітіндігін көрсеткенін қуана жеткізді. Сол себепті саяси ұйымдар мен үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар АЭС құрылысын қолдау туралы Халықтық штабқа өз еріктерімен біріккен. Бүгінде аталған штаб өкілдері аймақтарға шығып, жер-жердегі халықпен пікірлесіп, жұртпен үлкенді-кішілі жиындар өткізіп, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады, оларды толғандырып жүрген сауалдарына тиянақты жауап берді. Соның нәтижесінде бұқара халықтың АЭС құрылысын қолдайтындығы анық байқалады. Сондай-ақ еліміздің Президент бастаған саяси-экономикалық даму бағытына толықтай көңілдері толатындықтарын білдірген.
Спикердің айтуынша, мемлекетіміздің алдыңғы кезеңдерде өркендеуіне ықпал ететін өзекті шешімдердің барлығы елмен бірге қауымдасып, ақылдасып шешілгенде ғана бүкілхалықтық сипатты иеленіп, дұрыс нәтиже көрсетеді. Оның бір көрінісін АЭС құрылысын халықтық қолдауға ие болғандығынан да көруге болады. Әділетті Қазақстанның, жаңа саяси өркениеттің де сын-сипаты осы.
«Барлығымыз жаңартылған Ата Заңымыз үшін таңдау жасадық. Бүгінде жұрт болып бәріміз қабылдаған осы шешімнің қате болмағанын, ел болып дұрыс таңдау жасағанымыздың жемісін көріп отырмыз. Енді алдымыздағы бүкілхалықтық референдумға жаппай қатысып, бірауыздан ел дамуы үшін қажетті тағы бір маңызды таңдау жасау сәті келіп тұр. 6 қазанда барлығымыз бірде атом электр станциясын салуды қолдап дауыс беруіміз керек», – деді Ерлан Қошанов.
Кездесу кезінде Ядролық физика институтының ғылыми хатшысы Қ. Мұңасбаева, осы оқу орнының физикалық қауіпсіздік орталығының басшысы Н. Измайлова АЭС құрылысының заманауи экологиялық және қауіпсіздік талаптарға сай салынатындығын жеткізді. Сондай-ақ жетісулық кәсіпкер К.Тазабекова атом электр станциясын салу – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың бір сипаты екенін еске салды.
«AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов әлем таныған білікті әрі кәсіби мамандардың дәлелді уәждері көңілдеріне күмән кірген кейбір кісілердің, көлденең сыншылардың алыпқашты сөздерінен неғұрылым дәлелді көрінетінін жеткізді. АЭС туралы жалпыхалықтық талдау мен талқылау осындай күмәнденіп жүрген жандардың бойындағы қорқыныштары мен күдіктерін сейілтіп тастағанын естіртті.
Жиын аяғында саяси ұйымның Әйелдер қанаты өкілдері атом электр станциясын салуға қолдау білдіретіндіктерін жеткізіп, ел азаматтарын референдумда белсенді таңдау жасауға шақырды.