Ақмола облысында патронат тәрбиеші жетім баланы азаптап, дәрі беріп келген

Фото: halyqline

Жаңалықтар
218

Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Ақмола облысында патронаттық тәрбиеде болған 8 жасар баланың жәбір көргенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап.

Кәмелетке толмаған бала 2022 жылы патронаттық тәрбиеге берілген. Осыдан кейін баланың мінез-құлығында өзгерістер байқалған.

«Мектеп баланың үнемі ұйқысы қанбай, аш жүретінін және гигиенасы төмен екенін байқаған. Тексере келе денесінде тыртықтар бары және көгергені анықталған. Алайда бұған дейін баланың үлгерімі жақсы, өзі белсенді еді. Сәуір айында патронат тәрбиеші психиатрдан баланың мінез-құлығында проблемалар бар деп, оған күшті әсер ететін дәрі жаздырып алған екен. Осы факті күмән тудырып отыр. Себебі мектеп тарапынан балаға қатысты ешқандай шағым, ескертулер болмаған», - дейді Зәкиева.

Оның айтуынша, қазір бала ауруханада жатыр.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл осы жайт бойынша Бас прокуратура мен облыстық прокуратураға арызданған. Қылмыстық іс қозғалды. 

Жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды ma...

Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, деп хабарлайды ma...