Жаңа министр депутаттың туысы екен

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
1556

Жаңа министр Мәжіліс депутатының күйеу баласы болып шықты. Ол журналистердің қызмет жолына қатысты сұрақтарына жауап берді, деп жазады madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалған Жасұлан Мәдиев журналистердің қызмет жолына қатысты сұрақтарына жауап берді.

«Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов менің қайын атам. Ол менің министр болып тағайындалуыма еш әсер етпеді. Бәрі заң аясында болды», - деді ол.

Сондай-ақ ол 2006 жылы сол кездегі Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен қалай жұмыс істегенін айтты.

«Жалпы көп адаммен бірге жұмыс істедім, барынша адал болуға тырыстым. Мен кезінде Үкімет басшысы болған Кәрім Мәсімов, Асқар Мамин және Әлихан Смайылов сияқты адамдармен де жұмыс істедім»,- деді ол.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...