Абай облысында биыл наурызда қызды құтқарып қалған полицей жол апатынан қаза тапты

Фото: massaget.kz

Жаңалықтар
241

Абай облысында биыл наурызда қызды құтқарып қалған полицей жол апатынан қаза тапты. Асхат Ахатов 2024 жылғы 18 қазанда жол апатына ұшырады, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Оқиғаға қатысты Абай облыстық полиция департаменті түсінік берді.

"Омбы - Майқапшағай тасжолында үш көлік соқтығысты, салдарынан үш адам қаза тапты, оның ішінде Семей полициясының аға сержанты Асхат Ахатов бар", - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

"Полиция департаменті қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген ведомство хабарламасында.

Қайтыс болған полицей осы жылғы наурыз айында қылмыскер пышақтап кеткен қызды аман алып қалған. 

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...