Димаш Құдайберген өзінің "Ұмытылмас күн" атты әнін қазақша шырқаған индонезиялық жанкүйері...
Ұлытау тұрғындары интернет алаяқтарға алданған
Өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.
Жиналғандарға интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы облыстық полиция департаменті мен Жезқазған қаласының басшылығы баяндады.
Мәселен, кеңесте 2023 жылдың үш айында өңірде интернет-алаяқтықтың 40 фактісі тіркелгенін атап өтті. Келтірілген залал сомасы 16 959 474 теңгені құрады. Облыс тұрғындары интернет алаяқтарға барлығы 268 миллион теңгені аударған.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Ұлытау облыстық полиция департаменті 2023-2025 жылдарға арналған киберқылмысқа (оның ішінде телефон және интернет-алаяқтыққа) қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірледі. Сондай-ақ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде.
Берік Әбдіғалиұлы қаржы пирамидаларымен және интернет-алаяқтықпен одан әрі күресудің маңыздылығын атап өтіп, сақтық шаралары туралы халықты ақпараттандыру бойынша ауқымды жұмысты жалғастыруды тапсырды. Олардың ішінде-адамдар көп жиналатын орындарда тақырыптық бейнероликтер трансляциялау, СМС-хабарламалар жіберу, екінші деңгейдегі банктермен бірлесіп жұмыс істеу жоспары бар.