Дамыған елдерде жарық пен суға дейін үнемдеп пайдалану жоғары деңгейдегі қоғамдық мәдениетке айналға...
Балабақшада балаға қатыгездік танытқан тәрбиеші қылмыстық жауапқа тартылмайтын болды
Фото: pixabay.com
Шымкентте балабақшада баланы ұрып-соғып, аяғынан сүйреп, қатыгездік танытқан тәрбиеші қылмыстық жауапқа тартылмайтын болды, деп хабарлайды madeniportal.kz otyrar.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, сотта әйелдің кінәсі толық дәлелденсе де, екі тараптың татуласуына байланысты оған ешқандай шара қолданылмаған.
"Сотталушы кінәсін мойындап, шынайы өкінішін білдіріп, жәбірленушінің заңды өкілінен кешірім сұрады. Оған келтірген материалдық және моральдық залалды толық өтеуіне байланысты сот ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық істі тоқтатып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", - деп жазылған Шымкент қалалық сотының хабарламасында.
Айта кетейік, оқиға қыркүйекте болған еді. Әлеуметтік желілерде тәрбиеші бүлдіршінді ұрып, аяғынан сүйрегені көрінетін видео тарады.
Болған оқиғадан кейін балабақша қызметкері бірден жұмыстан шығарылып, қылмыстық іс қозғалды.