Министрлікке бағынысты мәдениет саласындағы бірқатар ұйымдардың басшылары ауысты

Жаңалықтар
1654

ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен мәдениет саласындағы бірқатар бағынысты ұйымдардың басшылары тағайындалды деп хабарлады министрліктің ресми сайты.

Жеңіс Сейдуллаұлы «Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды. Жеңіс Сейдуллаұлы 1962 жылы 14 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1982 жылы Шымкент музыка училищесін бітірген, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазақконцерт» ұйымын басқарған.


Ақтоты Райымқұлова «Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы»  РМҚК директоры қызметіне тағайындалды. Ақтоты Райымқұлова 1964 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын, Халықаралық бизнес академиясын бітірген. DBA (Doctor of Business Administration) ғылыми атағы бар. 2016 жылдың қазанынан бастап мәдениет және спорт вице-министрі, 2019 жылдың маусым айынан 2022 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды.


Зура Жұмахметова «О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды. Зура Жұмахметова 1967 жылы 4 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. 1989 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледжінің басшысы қызметін атқарған.


Гүлайым Жұмабекова «Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды. Гүлайым Жұмабекова 1966 жылы 20 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қолданбалы өнер бөлімінің басшысы қызметін атқарды.


Асылбек Баяжұма «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директоры қызметіне тағайындалды. Асылбек Баяжұма 1978 жылы 25 желтоқсанда Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Көкшетау университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Ақмола облысының ішкі саясат саласында қызмет істеген, 2019 жылғы шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің жиынтық талдау және жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған.


Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...