Тоқаевтың тапсырмасы..

Жаңалықтар
3390

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың кешегі Ақтау қаласындағы жиында "Келесі мәселе өңірдегі басшылық қызметке кадрлар тағайындау кезінде жергілікті мамандарға баса назар аудару керек.

Үкіметке бұл жөнінде нақты тапсырма беремін" деген сөзі біреулерге тағы да ой тастаса біреуге ескі жараның аузын тырнағандай болды.

Тоқаев мықты кәсіби дипломат. Талай халықаралық келіссөз жиындарда елдің қандай да бір мәселелерге байланысты ұстанымын ой-пікірін айтып жүрді. Кейбір күрделі келіссөздерде елдің бағыт бағдарын бір-екі ауыз сөзбен ақ тұспалдап жеткізді. Қай жерде нені айту керектігін өте жақсы білетін кәнігі келіссөзші. Сол сияқты кешегі кадр мәселесіне айтқан ойын бұрын сол басшылық кадр наразылығы дауы болған Маңғыстауда айтуы кездейсоқтық емес.

Бұл жерде аса мән беретін жайт Қ.Тоқаев айтқан тапсырмасын "баса" және "нақты" деген екі сөзбен шегелеп жіберді. Жалаң сөзбен назар аудару керек немесе үкіметке тапсырма беремін деп те жалпылама "кезекші сөздермен айта салуға болар еді. Бірақ бір ши шыққан мәселенің мән-жайына қанық мемлекет басшысы тапсырмасын тізгіндеп тығыздап жіберді.

Жалпы әкімдердің өздерімен бірге команда әкелулеріне қай жерде болсын жергілікті тұрғындардың қырын қарайтыны рас. Сондай әкімдер тілін, дінін, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын білмейтін түсінбейтін, жат жерде жалғызсырайтын Ресейдің губерниясына ия Қытайдың провинциясына келген сияқты әсер береді. Келген әкімге неге жалғыз келдің деп ешкім өзегінен теуіп жалын кесіп алмайды. Президент көптің ішінен сені таңдап бәйгеге жібердіме халықтың мұң-мұқтажын шешем елге қызмет жасаймын деп аманат деген көмбеге қарай жалғыз шаба бер елді соңыңнан ертіп. Команда әкелу дегенді жұрт келген әкімнің тіл табыса алмауынан немесе ым-жымы бір сыбайластық ымыраластық деп түсінеді. Міне осындай тамыр жайып тарқап кеткен түйткілді мәселеге мемлекет басшысының мән беруі көңілдегі күдікті тарқатқандай болды. Тіпті осы команда әкелу, тамыр-таныс алдыру деген "пәле" басқарма басшыларына да жұққандай.

Қ.Тоқаевтың осы айтқандары күні кеше Мұнайлы аудандық емханасы мен облыстық балалар ауруханасындағы бас дәрігердің міндетін атқарушыларды қызметтерінен босатып олардың орнына Атыраудан шақырып әкеліп бас дәрігердің міндетін атқарушы қызметтеріне тағайындаған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бапиевке де қатысты деп ойлаймын.

Облыста емдеуші дәрігерлер жетіспесе де магистратурада білімдерін жетілдірген магистр менеджмент дәрігер басшылар баршылық.

Сонымен әкімшілік басқару басқа да басшылық кадр мәселесіне байланысты туындаған түйткілдердің түйінін мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың кешегі айтқан сөзі тарқатады деп сенеміз.

Қоғамдағы кез келген орын алған мәселелер мен жағдайларға "баса" ден қойып "нақты" қолға алса шешімін таппайтын шаруа болмайды.

Нұркамал Аязбаев

Шоу-бизнес

Продюсер Жан Мұқанов Қазақстанда ең көп гонорар алатын әншілерді атады, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...