Астанада тозығы жеткен ғимараттар жаңа қоғамдық кеңістікке айналды

Фото: Астана әкімдігі

Жаңалықтар
207

Республика күні қарсаңында елордалық Байқоңыр ауданында С.Торайғыров көшесі, 2-үйінің жанындағы аумақта жаңа қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Жергілікті әкімдік мәліметінше, бұл абаттандыру тұрғындар үшін көптен күткен оқиға болды. Бұрын бұл аумақта тозығы жеткен және қираған ғимараттар болған.

Жұмыс барысында 3000 шаршы метр аумаққа асфальт төсеу, ал 2000 шаршы метрге тартан төсеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғындардың ыңғайлылығы мен жайлылығы үшін футбол алаңы, workout-аймақ, беседкалар мен урналар, сондай-ақ сәндік демалыс аймағы жабдықталған. Қосымша үлкен автотұрақ орнатылды. Сонымен қатар, жарықтандыру тіректері орнатылып, көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді, – деп қосты ведомство.

Салтанатты іс-шара барысында аудан оқушылары концерттік бағдарлама, жаңа футбол алаңында балалар арасында турнир және ересектер арасында түрлі эстафеталар ұйымдастырды.

Биыл Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыстармен қаланың барлық ауданы, соның ішінде тұрғын алаптары қамтылған. Жұмыстың көп бөлігі аяқталды. 

Қылмыс

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының қараусыз қалған ғимаратынан сәбидің денесі табылды,...

Шоу-бизнес

Танымал айтыскер ақын, қазіргі уақытта әлеуметтік желіде коуч-психолог ретінде танымал Айнұр Тұрсынб...