Автордан әдеби туындыны белгілі бір мерзімге ғана сатып алу талабы енгізіледі - министр

ӘДЕБИЕТ
2610

Автордан қоғамдық маңызы бар әдебиетті белгілі бір мерзімге ғана сатып алу енгізіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2017 жылы депутаттық корпустың арқасында алғаш рет заңнамалық деңгейде авторларға қоғамдық маңызы бар әдебиет үшін қаламақы төлеу тәжірибесі енгізілді. Бұл басқа елдерде болмаған жағдай. Алайда, іс жүзінде қайшылықтар пайда болды. Атап айтқанда, автордан әдебиеттерді сатып алу авторлық құқықтың барлық мерзіміне мемлекетке авторлық құқықты беруді көздейді. Ол - автордың өмір сүрген кезіндегі мерзім және одан кейінгі 70 жыл. Бұл тұрғыда мемлекет әдебиетті оны мемлекеттік кітапханаларға өтеусіз негізде тарату үшін ғана сатып алатынын айта кеткен жөн», - деді министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...