Шымкентте балабақшадағы баланы сабаған тәрбиеші жазаланбайтын болды

Фото: freepik

Жаңалықтар
355

Шымкентте балабақшада бүлдіршінді ұрып-соғып, тіпті аяғынан сүйреп, қатыгездік танытқан тәрбиеші қылмыстық жауапқа тартылмайтын болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, тәрбиеші "тәрбиелеу мекемесі жұмыскерiнің кәмелетке толмаған адамға қатыгездік таныту" бабы бойынша айыпталған еді. Сотта әйелдің кінәсі толық дәлелденсе де, тәрбиеші мен жәбірленуші тараптың татуласуына байланысты оған ешқандай шара қолданылмаған. Аталған жайтқа қатысты Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі пікір білдірді.

“Сотталушы өзінің кінәсін мойындап, шынайы өкініш білдіріп, жәбірленушінің заңды өкілінен кешірім сұрады. Онымен татуласып, оған келтірген материалдық және моральдық залалды толық өтеуіне байланысты сот Қылмыстық кодекстің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық істі тоқтатып, сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", - деді соттың баспасөз қызметінен.

Шоу-бизнес

Айқын Төлепберген Youtube платформасындағы Зamandas подкастына берген сұхбатында Қанат Бейсекеевтің...

Ауа райы

Синоптиктер Қазақстандағы 2024 жылғы 8 желтоқсанға арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа ра...