Алматы тауларында 2 жасөспірім жоғалып кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2443

Алматы облысында Фурманов шыңына бет алған екі жасөспірім адасып кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Құтқарушылар оларды құтқару лашығынан тапты. ТЖМ құтқарушылары жас туристерді таудан түсірген.

“Алматы облысында 17 жастағы екі жасөспірім биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтеріліп, адасып қалған. Ұялы телефон арқылы 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрады. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы мен Алматы қаласының құтқару қызметінің қызметкерлері адасып кеткендерді "Панорама" шыңындағы құтқару лашығынан тапты", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар жас туристерді қауіпсіз жерге түсіріп, кейін оларды ата-аналарына тапсырған.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...