Алматыда мүсіндер мен шағын архитектуралық пішіндер-діӊ PARK FEST халықаралық фестивалі өтіп ж...
Медбике зейнеткерлерді суретке түсіріп, атынан несие рәсімдеген
Фото: freepik.com
380
Жетісу облысы Көксу ауданы Балпық би ауылындағы аурухананың Баян Садықова есімді медбикесі зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Жетісу облысының тұрғыны, медбике болып қызмет атқаратын келіншек бұрын сотталған. Ол науқастарды емдеудің орнына, алаяқтық жолмен бірнеше қарияға несие рәсімдеген.
«Бастық жұмыс уақытында қыдырып жүрсің дейді. Дәлел ретінде суретке түсіруім керек» деп суретке алдап түсіріп алатын», - деді зейнеткер.
Жәбірленушілердің айтуынша, сот қандай да бір себептермен оған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.