Көпбалалы отбасыларға жақсы жаңалық. Енді әкімдіктің уақытша баспанасына қол жеткізе алады

Фото: Halyq Uni

Жаңалықтар
240

Астана қаласының әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасыларға арналған «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша өтінім беру нұсқаулығын дайындады, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uniтілшісіне сілтеме жасап. 

Порталда өтінім қабылдау 23 қыркүйекте сағат 09:00-де басталып, 7 қазанда сағат 18:00–де аяқталады.

Оған мынадай құжаттар қажет:

  • ЭЦҚ кілті;
  • Өтініш берушіге және отбасы мүшелеріне жылжымайтын мүліктің болмауы/болуы туралы анықтама (өтініш берілген күні EGOV.KZ арқылы алынған);
  • Балалардың туу туралы куәліктерінің және отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің сканер-көшірмелері (бар болса);
  • Неке/ажырасу/әке болу/қайтыс болу туралы куәліктердің скан-көшірмелері (бар болса);
  • Тіркелмеген неке туралы нотариустың анықтамасы (тұрмыс құрмағандар/үйленбегендер үшін);
  • Үлеске немесе жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар (шарттың, куәліктің және т.б. көшірмесі);
  • Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің мүгедектігі туралы анықтаманың сканер-көшірмесі (бар болса).

Портал арқылы өтінішті былай бересіз:

  • Алдымен компьютерде NCAlayer орнатылғанына көз жеткізіңіз (бағдарламаны мына жерден жүктеуге болады pki.gov.kz);
  • birge.astana.kz порталына өтіңіз, «Жеке тұлға» ретінде кіріңіз немесе тіркеліңіз, ЖСН, телефон нөмірін және ЭЦҚ кілтін толтырыңыз (RSA/GOST сертификаттары);
  • «Тұрғын үй бағдарламалары» немесе «Танымал қызметтер» бөліміне өтіңіз;
  • «Халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар санаттары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» қызметін таңдаңыз;
  • Өтініш формасын ашу үшін «Қосу+» түймесін басыңыз;
  • Нысанды толтырыңыз, құжаттарды тіркеңіз, ЭЦҚ (RSA/GOST сертификаттары) көмегімен өтінішке қол қойыңыз және жіберіңіз;
  • Нәтижесі бар KiT_Notify немесе SmartAstana-дан SMS-хабарлама күтіңіз.

Бағдарлама туралы қосымша ақпаратты мына сілтеме немесе +7 (7172) 28-09-59 нөмірі арқылы ала аласыз.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...