Оңтүстікте өте қатты ыстық болады

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
959

Алдағы күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары ене бастайды. Қазақстанда күннің қызуы 46 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі aikyn.kz сілтеме жасап.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 25-26 маусым аралығында елдің батыс және солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауады. Соның өзінде ыстық 35-38 градусқа дейін барады. Ал оңтүстікте одан әлдеқайда жоғарылайды. Мұның себебі алдағы күндері Иран аймағынан Қазақстанға жылы ауа массалары ене бастайды. 

– Алдағы күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары ене бастайды. 25-26 маусымда еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, 27 маусымда республиканың солтүстігіне аптап ыстық болжанады.

Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +35-38 градусқа дейін, оңтүстігінде өте қатты ыстық +40-46 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Сонымен қатар 26-27 маусымда Ақмола және Павлодар облыстарында қатты ыстық күтіледі, – деді «Қазгидромет» РГП инженер-синоптигі Алтынзер Есбусинова. 

Жаңалықтар

Қазгидромет синоптиктері 2025 жылдың ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ma...

Жаңалықтар

Қазгидромет синоптиктері 2025 жылдың ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ma...