Алматыда дін саласы мәселелері туралы байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Фото: «JASTAR дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі

Жаңалықтар
206
 

Алматыда бірнеше номинация бойынша дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдар (мақалалар, роликтер және т.б.) дайындау байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға 10 номинация бойынша 220-дан астам өтінім келіп түскен.

Байқауды Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма тапсырысы бойынша «JASTAR дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған.

Байқауға Алматы қаласында жұмыс істейтін жергілікті және республикалық БАҚ журналистері, студенттер, тәуелсіз публицистер мен блогерлер қатысты. Байқауға орыс және қазақ тілдерінде жалпы 220-дан астам өтінім түскен.

Ұсынылған жұмыстарда зайырлық, толеранттық, қоғамдағы конфессияаралық келісім, қазақ халқының рухани құндылықтары, дәстүр мен дін, патриотизм, Отанға деген махаббат, Қазақстанның тарихи және қасиетті орындары, радикал діни идеологияның, діни экстремизм мен терроризмнің зияндылығы сияқты өзекті мәселелер жазылған.

Қазылар алқасы барлық өтінімді қарап, мына номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады:

1. «Digital Art шеңберіндегі үздік фотожоба» номинациясы бойынша – Мыңжасаров Әділетке 250 000 теңге ақшалай сыйақы мен сертификат табысталды.
2. «Үздік өлең» номинациясы бойынша – Диқан Байқонға 250 000 теңге ақшалай сыйақы мен сертификат табысталды.
3. «Үздік үндеу және ұран» номинациясы бойынша – Накнавина Ақмаржанға 250 000 теңге ақшалай сыйақы мен сертификат табысталды.
4. «Үздік пікір» номинациясы бойынша — Ботақараев Бауыржанға 250 000 теңге ақшалай сыйақы мен сертификат табысталды.
5. «Әлеуметтік желілердегі үздік тақырыптық пост» номинациясы бойынша – Елдесов Достанға 250 000 теңге ақшалай сыйақы мен сертификат табысталды.
6. «Интернет-ресурста қазақ тіліндегі үздік мақала» номинациясы бойынша – Махамбетәлі Ақмаралға 300 000 теңге ақшалай сыйақы мен сертификат табысталды.
7. «Интернет-ресурста орыс тіліндегі үздік мақала» номинациясы бойынша – Әбзелбек Шынарға 300 000 теңге ақшалай сыйақы мен сертификат табысталды.
8. «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясы бойынша – Тасполат Бекханға 300 000 теңге ақшалай сыйақы мен сертификат табысталды.
9. «Тикток» әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик» номинациясы бойынша – Оңайбай Жанарысқа 300 000 теңге ақшалай сыйақы мен сертификат табысталды.
10. «Үздік әлеуметтік бейнеролик» номинациясы бойынша – Рақымбек Ерсұлтанға 350 000 теңге ақшалай сыйақы мен сертификат табысталды.

Басқа қатысушыларға 50 мың теңгелік жеті ынталандыру сертификаты берілді.

Жүлделерді табыстау үшін Дін істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Әлімбек Айдарбекұлы шақырылды. Байқауды ұйымдастырушылар БАҚ пен блогерлердің дін саласындағы ағартушылық жұмыстарының маңызды екенін айтып өтті. Олардың пікірінше, бұл — халықтың діни сауатын арттыруға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға және оған қарсы күреске қосқан қомақты үлес.

Жаңалықтар

Жаңаөзенде 11 жастағы оқушы қыз сыныптасын ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды...

Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жақсы жаңалықпен бөлісті. Енді халықаралық ғылым...