Германияда қоқыс жәшігінен XVII ғасырдың құнды туындылары табылды

Жаңалықтар
2049

Неміс полициясына 64 жастағы жергілікті тұрғын қоңырау шалып, Оренбах қаласының маңында орналасқан аялдамадағы қоқыс жәшігінен XVII ғасырдың екі суретін тапқандығын мәлім еткен, деп хабарлайды "Мәдениет порталы"The Guardian-ға сілтеме жасап.

Офицерлердің айтуынша, олар полотноларды бағалау үшін тапсырған өнертанушылар майлы суреттердің екеуі де түпнұсқа деген қорытындыға келген. 

Сарапшылар баланың портретін бейнелейтін суреттердің бірін Рембрандттың шәкірті, голландиялық суретші Самуэл ван Хугстратен (1627-1678) салуы мүмкін деп санайды. Бұл туындының жасалған күні әлі белгісіз. 

Ал екіншісі венециялық суретші Пьетро Беллоттидің шығармасы. 1665 жыл деп жазылған кенепте шебер өз автопортретін салған.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Жаңаөзенде 11 жастағы оқушы қыз сыныптасын ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды...

Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жақсы жаңалықпен бөлісті. Енді халықаралық ғылым...