Желіде Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділовтің үйленген сәтінен видео тарады

Жаңалықтар
11360

Әлеуметтік желіде Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділовтің заңды некеге отырған сәтінен видео тарады. Бейнежазбаны әншінің өзі Instagram парақшасына жариялаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан ақ көйлек киген Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділовтің бір-біріне неке жүзігін таққан сәтін байқауға болады.

Әнші кадрде: "Серігім бол" деп айтқан сөзіне келістім", - дейді.

Айта кетейік әнші видеоға пікір жазу мүмкіндігін шектеп қойған. Дегенмен видеоны 170 мыңнан астам адам көріп үлгерген.

Естеріңізге сала кетейік, Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділовтің Мерей атты бір қыздары бар.

author

Мақпал Жүнісова

ӘНШІ

Жаңалықтар

Алматыда вейп сататын орындар жойылды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Құқықтық тәртіп жедел-алды...

Жаңалықтар

Қазақстан мен БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік туристік ұйым қазақстандық туризмді жаңғырту үшін ынтымақта...