80 жасқа қараған шағында қоғам қайраткері, «Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасының»...
Дүлей дауылдан 6 адам көз жұмды
Фото: freepik
834
Кубада «Оскар» дауылынан 6 адам мерт болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Аралдық мемлекеттің шығысында нөсер жауын жауып, күшті жел тұрған. Дауыл салдарынан Гуантанамо провинциясы зардап шеккен. Мұнда алапат тасқын жүрді.
Миллиондаған тұрғын әлі электр жарығынсыз отыр. Басқа да инфрақұрылым қирады. Ағаштар опырылып, жағаға жақын аудандар су астында қалды. Үкімет құтқару және шығындарды санау жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Метеоролог мамандар желдің екпіні сағатына 120 шақырымға жеткенін мәлімдеді.