Асқар Мұқияттың «Бабадан қалған аманат» концерті өтеді

Жаңалықтар
2999

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өнер жолында өзіндік ерекшелігімен дараланған таланытты өнерпаз, дәстүрлі әнші Асқар Мұқият «Бабадан қалған аманат» концертін ұсынады, деп хабарлайды Мәдениет порталы. Концерт 21 маусым күні сағат 19.00-де «Қазақстан» ОКЗ камералық залында өтеді.


Асқар Мұқият өзіндік орындаушылық шеберлігімен тыңдарманның зор ықыласына бөленіп жүрген әнші. Көптеген ірі республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты ретінде белгілі.

«Жастар жылы» аясында өтетін осы кеште халық композиторлары мен Халық әндері,қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбайұлының және жаңа заман композиторларының туындылары орындалмақ.

Концерт республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Әйгерім Алтынбек, Қайсар Мұхтар, Айымгүл Сыздықова, дәстүрлі әншілер Айзат Қарабек, Фариза Іргебаева және «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблінің қатысуымен өтеді.

madeniportal.kz

author

Асқар Мұқият

ӘНШІ

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...