ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы қызметіне Нұрбол Қапешов тағайындалды. Бұл жа...
Петропавлда әжесі мен немересі газдан уланды
Фото: freepik
280
Петропавлда әжесі мен немересі үйді жылыту үшін бензин генераторын орнатып, салдарынан улы газдан уланып қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
КТК арнасының мәліметінше, оқиға Заречный ықшамауданындағы саяжайда болған. Су тасқынынан кейін бұл маңда әлі электр жарығы болмаған. Үйде бензин генераторы қолданылған. Бөлме бірден жану өнімдеріне толып, салдарынан әжесі мен немересі уланып қалған.
14 жастағы қыз анасына қоңырау шалып, әжесі екеуі кенеттен ауырып қалғанын хабарлаған. 68 жастағы зейнеткер жансақтау бөліміне, ал бала балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер екі зардап шегушінің де жағдайын орташа ауыр деп бағалады.