Кеше Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен «Серпіліс» қоғамдық қорын...
Қазақстанда қосымша құн салығы ставкасы көтерілмейді - Олжас Бектенов
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда әзірге қосымша құн салығы ставкасы көтерілмейтінін айтты. Бұл туралы madeniportal.kz хабарлайды.
«Мемлекет басшысыгың тапсырмасы бойынша қосымша құн салығы ставкасы көтерілмейді. Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі республикалық бюджеттің шығыс бөлігін де, кіріс бөлігін де сапалы жоспарлауды қамтамасыз етуі қажет. Бұл жерде ең алдымен цифрландыру арқылы салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша тиімді шаралар қабылдау маңызды. Бұл жерде ең алдымен цифрландыру арқылы салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша тиімді шаралар қабылдау маңызды. Сонымен қатар, қаржылық тәртіпті нығайту, өнімсіз шығындарды жою және бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру қажет», - деді премьер-министр.