Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Жиында Премье...
Жұлдыз Өмірғали күйеуінің қызғаншақ адам екенін айтты
Фото: Инстаграм @aikyn
Жұлдыз Өмірғали күйеуінің қатты қызғаншақ екенін "Өзіміз ғой" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Әнші бастапқыда оған сезімін дәлелдеу үшін барын салғанын алға тартты. Алайда уақыт өте келе қызғанышты қалыпты қабылдайтын болғанын жеткізді.
“Айқын қатты қызғанады. Бұған етім үйреніп кетті. Енді жылдар өткен сайын өзгеріп келеді. Алғашқы жылдары ондай кезде бәрін түсіндіріп, дәлелдеп жүретінмін. Кейін уақыт өте жүйке клеткаларым қалпына келмейтінін түсіндім. Шашыма ақ түсті. Екі бала өсті. Қазір ата-енеммен тұрамыз, бала-шағамның көзінше жылап-еңірегеннен пайда жоқ екенін түсіндім. Қазір барынша қалыпты қабылдаймын. 19 бен 29 арасы да осындай деп білемін. Қазір қарым-қатынас басқа деңгейге көтерілді", - деді Жұлдыз Өмірғали.