Денсаулық сақтау министрлігі әскерге шақырылғандарды тексеруге қатысты өзгерістер туралы хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Жаңалықтар
322

Денсаулық сақтау министрлігі әскерге шақырылғандарды тексеруге қатысты өзгерістер туралы хабарлады, - деп хабарлайды madeniportal.kz tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның Тengrinews.kz сұрауына берген жауапқа сәйкес кейінгі жылдары әскерге шақырылғандарды міндетті тексеру көлеміне қосымша тексерулер қосылған: эхокардиография, іш қуысын ультрадыбыстық зерттеу, бүйректі ультрадыбыстық зерттеу. 

Осылайша, әскерге шақырылғандар мына міндетті тексерулерден өтеді:

  • жалпы қан анализі;
  • зәр анализі;
  • кеуде мүшелерін флюорографиялық зерттеу; 
  • электрокардиографиялық зерттеулер;
  • мерезге (сифилис) микропреципитация зерттеулері реакциясын талдау;
  • бүйректі ультрадыбыстық зерттеу; 
  • бауыр, көкбауыр, ұйқы безін ультрадыбыстық зерттеу;
  • АИТВ (ЖИТС) инфекциясына қан анализі.

"Бұдан басқа медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша тексеру қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетіледі", - деп толықтырды Денсаулық сақтау министрлігі. 

Жаңалықтар

Жаңаөзенде 11 жастағы оқушы қыз сыныптасын ұрып-соғып, оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды...

Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жақсы жаңалықпен бөлісті. Енді халықаралық ғылым...