Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісовтің құрметіне мемориалды тақта ашылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жаңалықтар
75

Алматыда Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына орай мемориалды тақта ашылды, деп хабарлайды madeniportal.kz Halyq Uniтілшісіне сілтеме жасап. 

Ескерткіш тақта жазушы тұрған Төлебаев көшесіндегі 156 үйге орнатылды.

Салтанатты іс-шараға Шұға Нұрпейісова, Кәрім Нұрпейісов, жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Сондай-ақ қаладағы Достық үйінде «Әлем таныған Әбдіжәміл» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Оған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, ТҮРКСОЙ бас хатшысы Сұлтан Раев, түркі мемлекеттері Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, жазушы Смағұл Елубай, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Оразалин, театр және кино актері, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов және тағы басқалары қатысты.

Аида Балаева президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Сөз өнерінің сардары саналы ғұмырын ұлтының дүниетанымын байытуға арнады. Әдебиет әлеміне құбылыс болып енген сұңғыла суреткер қазақ прозасына ерекше қолтаңбасын қалдырды. Көзі тірісінде-ақ классик атанған жазушы қаламгерлердің жаңа буынына үлгі-өнеге көрсетіп, өзіндік мектебін қалыптастырды. Әбеңнің әр туындысынан туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігі айқын көрінеді. Оның «Қан мен тер», «Соңғы парыз» секілді романдарын өз заманының айнасы деуге болады. Арал арқылы қазақтың, қазақ арқылы барша адамзаттың мәселесін көтерген бұл шығармалар – әлем өркениетіне қосылған құнды қазына, – деп жазылған құттықтау хатта.

Сондай-ақ министр қаламгерді еске алуға арналған іс-шараның маңызына тоқталды.

Президент атап өткендей, Әбдіжәміл Нұрпейісов – қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген тұлға. Бұл сөзімізге оның шет тілдерге аударылған шығармалары, әлем оқырмандарының жоғары бағасы дәлел бола алады. Бүгінгі конференция жазушының шығармашылығын жаңа қырынан зерделеуге жол ашады деген үміттемін, – деді Аида Балаева. 

Жаңалықтар

Ақтауда қаланың теңіз жақ жағалауын қалпына келтіру жобасын әзірлеу басталды, деп хабарлайды madenip...

Спорт

Қазақстандық еркін күрес балуаны, Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Тиранада (Албания) өтіп жатқан күре...