Н.Назарбаев: Қазақстан тарихының үздіксіз дамуын көрсететін туындылар түсіру қажет

РУХАНИЯТ
2391

Жаңа тарихи теле-кино туындылардың жанрларына Ұлы даланың бай мифологиялық және фольклорлық материалдарын пайдалануға болады. 

Бұл жайында Мемлекет Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында жазды. 

Елбасы қазіргі замандағы халықтардың тарихи таным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алатынып, жалпы халықтың санасында фильмдердегі жарқын кинообраздар іргелі ғылыми монографиялардағы деректі портреттерден гөрі маңыздырақ рөл атқаратынын айтты. 

«Сондықтан тез арада Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу керек. Аталған жобалар кең халықаралық ынтымақтастық аясында отандық жəне шетелдік үздік сценаристерді, режиссерлерді, актерлерді, продюсерлерді жəне заманауи кино өндірісінің басқа да мамандарын тарту арқылы жүзеге асырылуға тиіс», - деді Н.Назарбаев. 

Президент қызықты əрі мелодрамалық сарындармен қатар, көрермендер үшін танымал фэнтези жəне шытырман оқиғалы блокбастерлердің элементтерін қоса отырып, жаңа тарихи теле-кино туындылардың жанрларын барынша кеңейту қажет екендігін атап өтті. 

«Осы мақсатпен Ұлы даланың бай мифологиялық жəне фольклорлық материалдарын пайдалануға болады.Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашатын сапалы балалар фильмдері мен мультипликациялық сериалдарды аса қажет ететін өскелең ұрпақтың да талғамына ерекше назар аудару керек. Біздің даңқты батырларымыз, ойшылдарымыз бен ел билеушілеріміз – тек Қазақстан ғана емес, сондай-ақ бүкіл əлем бойынша еліктеуге лайықты тұлғалар», деді Елбасы.  

author

Нұрсұлтан Назарбаев

ҚАЙРАТКЕР

Жаңалықтар

Ырғыз ауданы маңындағы Самара-Шымкент тасжолында екі жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды madenipor...

Жаңалықтар

Демалыс күндері күн күрт суытады, деп хабарлайды madeniportal.kz. Республиканың біраз бөлігінде қар...