Бишімбаев ісінен кейін танылған прокурор не нәрсеге өкінетінін айтты

Сурет ашық дереккөзден алынған

Қоғам
1747

Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова әлеуметтік желіде өзіне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Көп нәрсені көңілдегі сіздерге шығарайын деп едім, жүрегіме сыймай жүр. Осы жарты жылда өмірге деген көзқарасым күрт өзгерді - мен көпшілікке танымал болдым. Осы жағдай мені қынжылтады. Шынында, мен көпшілікке танымал болуға ешқашан тырыспаған адаммын, ол үшін жанымды салып, жарқырап жүруге ешқандай құмарым да, құлқым да жоқ. Абай айтқандай, «өзіңде бармен көзге ұрып, артылам деме өзгеден». Бірақ өмір өз ережелерімен жүргізеді екен. Осы таныстықтың арқасында көмек сұрағандар да бар, біреулеріне шама жетіп жатса, өкінішке орай, көмек бере алмай жатқан жағдай да бар. Шама жетпейді, ол маған да оңай тимейді», - деп жазды прокурор.

Айжан Аймағанова барды бардай қабылдауды өмірдің өзі үйреткенін атап өтті.

«Әрине, бәріміздің көзқарасымыз әртүрлі, бәрімізді біріктіретін нәрсе - Адам болуға ұмтылыс. Пост жазбай тұрып, көп толғанамын, ойланамын, өз-өзімді сынаймын, сіздердің сынды қабыл аламын. Бірақ, шынымды айтсам, пост жазып, масаттана қоймаймын. Барды бардай, жоқты жоқтай қабылдауды өмір өзі үйретті», - деп жазды ол.

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...