Алматы облысында сенбі күні үш көлік көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды madenipor...
Қазақстан халқының бірлігін насихаттауда БАҚ-тың рөлі зор - Прокопенко
Алматыда Қазақстан Халық Ассамблеясы журналистер мен сарапшылар клубының кеңейтілген отырысы өтті. ҚХА басқарма төрағасының орынбасары Л.Прокопенко ұлттар тұтастығында БАҚ-тың арқалаған жүгі ауыр екенін айтты.
«19 маусымда Бурабайда ҚХА «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын бастады. Бұл - қазақ тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен құндылығын, философиясын өзге этнос өкілдеріне таныту идеясы. Жедел ақпараттандыру дәуірінде жетіліп келе жатқан ұрпаққа татулықты мирас етіп қалдырумыз керек. Қазақстан халықтарының бірлігін насихаттауда БАҚ-тың рөлі зор. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарының әр санын «Қазақтану» жобасымен айдарлап, бұл тақырыпқа білікті мамандарды тартуымыз керек»,-деді ҚХА төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов этносаралық келісімді қолдауға дайын екенін айтты. «Министрлік этносаралық келісімді насихаттау бағытындағы жұмыстарға қолдау көрсетеді. ҚХА этномәдени бірлестіктерін дамытуға үлесімізді қосуға дайынбыз. Сондай-ақ министрлік этникалақ ақпарат құралдарының елдің ақпарат кеңістігіне қосқан үлесін жоғары бағалайды. Келісім, татулық, этникалық топтар жөніндегі ұсыныстарды қолдап, көмегімізді береміз»,-деді Ержан Нүкежанов.
Madeniet.kz