"АЛТЫН ТОБЫЛҒЫ" ӘДЕБИ БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Жаңалықтар
1202

Дәстүрлі «Алтын Тобылғы» әдеби байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда.  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры «Алтын Тобылғы» әдебиет байқауы басталғанын хабарлаған болатын. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 5,5 миллион теңге.

Жалпы ережелер

  1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры тағайындаған «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесін (бұдан әрі — Жүлде) беру тәртібін белгілейді.

Мақсаты — қазіргі заманғы Қазақстанның көркем әдебиетін дамыту, қолдау көрсету және насихаттау.

Міндеттері:

  • жаңа ұрпақтың қазіргі заманғы көркем әдебиеттегі өмірлік философиялық қағидаттарын бейнелейтін жас қазақстандық қаламгерлерді анықтау және көтермелеу;
  • тың әдеби үрдістердің қалыптасуына қолдау көрсету;
  • қазіргі заманғы әдебиеттегі жаңа есімдерді көпшілік қауымға таныстыру.

Жүлденің құрылтайшысы мен ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры (бұдан әрі — Жүлде құрылтайшысы немесе Н.Назарбаев Қоры).

Жүлдені тағайындау бойынша конкурс өткізудің серіктестері: Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Жүлде конкурс негізінде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалады:

1) «Жылдың үздік прозасы»;

2) «Жылдың үздік поэзиясы»;

3) «Жылдың үздік драматургиясы»;

4) «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;

5) «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына  арналған үздік әдеби туынды.

Әрбір номинация жеңімпазына «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесінің лауреаты атағы және 1 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі. 1,5 миллион теңге көлеміндегі арнайы сыйақы «Астананың 20 жылдығы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды номинациясы жеңімпазына беріледі.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...