Ертең, 10 тамызда елімізде қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы аталып өтеледі. Мерейтой...
Енді жасөспірімдер әлеуметтік желіні мүлдем қолданбауы мүмкін
Фото: freepik.com
Австралияда жасөспірімдерге әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салу мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Үкіметтің мәліметінше, әлеуметтік желілерге тыйым салу балаларды онлайн өмірдегі қауіп пен буллингтен қорғайды. Сондай-ақ жеткіншектердің шынайы өмірде өзге адамдармен қарым-қатынас құруына септігін тигізеді. Бірақ нақты қай жастағы жасөспірімдердің әлеуметтік желіге кіруіне шектеу қойылатыны белгісіз. Ал австралиялық жастар бұл шешімге наразы.
«Аутизммен ауыратын адам ретінде мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда үлкен қиындықтарға тап боламын. Ал интернеттегі қарым-қатынас бұл процесті әлдеқайда жеңілдетеді, стрессті азайтады. Әлеуметтік желінің көмегімен араласуға болатын адамдар қатарын да көбейте аламын», - дейді жеткіншек.
Reuters мәліметі бойынша Австралияда жасөспірімдердің шамамен 97%-ы орта есеппен төрт онлайн платформаны пайдаланады. Осыған байланысты бұл елдің жастары қарым-қатынас құруда әлемдегі ең белсенді қоғам саналады екен. Сондықтан сарапшылар әлеуметтік желіге тыйым салу мәселені толық шешпейтіндігін айтып жатыр.