Димаш аңыз әншімен дуэт жазып жатқанын айтып, елді қызықтырып қойды

Жаңалықтар
1851

Димаш Құдайберген әлемдік музыкадағы аңыз адамен дуэт жазып жатқанын хабарлады. Әнші бұл жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Алайда, Димаш дуэт айтатын тұлғаның есімін атамаған деп жазады KAZ.NUR.KZ

Димаш Құдайберген тыңдармандарын шығармашылығында болып жатқан жаңалығымен қуантып қойды. Ол атақты әншімен бірге дуэт жазып жатқанын жеткізген.Фотосурет Димаш Құдайбергеннің Instagram парақшасынан алынды

"Әлемдік музыкадағы аңыз адаммен дуэт дайындап жатырмыз. Бұл адам "World music awards" байқауындағы жеңісімен, ән айту шеберлігімен асқан энергетикасымен әлемдегі миллиондаған адамды өзіне ғашық етті. Кім туралы айтып жатқанымды кейінірек білетін боласыздар" , - деп жазды Димаш.

Сүйікті әншісінен қуанышты хабар естіген желі қолданушылары енді жаңа әнді тағатсыздана күтетінін жазуда.

Ал кейбірі Димаштың меңзеп тұрған әншісі Андреа Бочелли деп болжады.

Жаңалықтар

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген кішкентай...

Жаңалықтар

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалд...