Алматыдағы ЖОО-ның профессорлары «Таза Қазақстан» акциясын қолдады, деп хабарлайды ...
“Қазақфильм” киностудиясына тиесілі жерлердің сатылып кеткені рас па?
Фото: freepik.com
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жер теліміне қатысты қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Басшылық Алматы қаласындағы Рысқұлов даңғылы, 101Б мекенжайында орналасқан жер телімі мен бұрынғы «Қазкинопрокат» ғимаратының сатылғаны туралы қауесеттерді жоққа шығарды.
Киностудияның өкілдері бұл жер телімі мен ғимараттың әлі де студияның меншігінде екенін және сатуға жатпайтынын мәлімдеді.
Киностудияның мәліметінше, көрсетілген аумақтағы ғимарат апатты деп танылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Қазақфильм» Алматы қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен кешенді сараптама ұйымдастырған.
«Мамандардың қорытындысы негізінде бұл ғимаратты қауіпсіз пайдалану бойынша одан әрі шешімдер қабылданады. Жер телімі мен ғимарат кешені сатылды деген ақпарат жалған. Бұл жалған ақпаратты таратуды жалғаса берсе, сотқа жүгіну құқығымызды сақтаймыз», — делінген киностудия мәлімдемесінде.