Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінің оқушысы халықаралық байқаудың жүлдегері атанды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3972

Боржоми қаласында грузин фольклоры мен классикалық музыканы дамыту одағы «Гармония», Е.Микеладзе атындағы орталық музыка мектебі және Боржоми қалалық муниципалитеті ұйымдастырған «WORLD HARMONY» IV халықаралық байқауы өтті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

К. Байсейітованың «арнайы фортепиано» класы бойынша үшінші сынып оқушысы Әміржан Абылай аталған байқауда өнер көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Әміржан Абылай үш кезеңнен сәтті өтіп, финалда Моцарттың фортепианоға арналған концертін оркестрмен орындап шығып бірінші премия лауреаты атанды. 

Айта кеткен жөн, бұл кішкентай пианистің өміріндегі алғашқы оркестрмен ойнаудағы тәжірибесі еді.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен рес...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда ер адам адам зейнеткерді өлтірген соң қашамын деп полиция ғимаратына барып тығылған, деп хаб...