Ол жайында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жазд...
Билл Гейтс табысты болудың құпиясымен бөлісті
Microsoft корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Билл Гейтс табысқа жетудің негізгі құпияларымен бөлісті.
Естеріңізге салайық, 1955 жылы 28 қазанда өмірге келген Билл Гейтс әлемдегі ең бай адамдардың көшін бастап тұр. Forbes журналының 2018 жылғы мәліметі бойынша оның бар дүние-мүлкі $92,9 млрд-қа бағаланған.
Сонымен Билл Гейтс табысты болу үшін төмендегідей бірқатар кеңестерді тізіп берді, деп жазады «Хабар» арнасы.
- Мен жұмысқа жалқау адамдарды аламын. Себебі олар кез келген қиын мәселені шешудің оңай жолын тез-ақ табады.
- Өз жұмысыңыздан ләззат алыңыз. Сол кезде ғана сіз өмір бойы жұмыс істемегендей сезімді бастан өткересіз.
- Барлық арман орындалмайды. Мысалы мен аспаз болуды мақсат тұтқанмын. Бірақ олай болмады.
- Сіздің аты-жөніңіз ғаламторда жоқ болса, демек сіз бизнестен тым алшақсыз.
- Сондай-ақ 500 жыл өмір сүретіндей бейқам болмаңыз.
- Жаңа іс бастау ешқашан да кеш емес.
- Егер басыңызға жақсы идея топ ете қалса, оны дереу іске асыруға талпыныңыз.
- Кез келген жобада өз мақсатыңды нақты түсінбеу, табысты болуға кедергі келтіреді.