Ер адам метрода қызды сипағаны үшін 16 жылдан кейін түрмеге қамалды

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
614

Француз қонақ үйінің қызметкері 16 жыл өткеннен кейін студент қызға қол тигізгені үшін түрмеге қамалды, деп хабарлайды madeniportal.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл оқиға 2008 жылдың тамыз айында Лондон метросында болды. Сағат кешкі 18:00 шамасында 24 жастағы студент қыз метро вагонына кірген.

Жолаушылар көп болғандықтан қызға вагонның қабырғасына кеудесімен сүйеніп тұруға тура келеді. Бір кезде белгісіз ер адамның оған тиісе бастағанын сезеді. Оның әрекеті барған сайын жылдамдай түсіп, белі мен бөксе аймағына қол тигенін байқайды.

Бұл оқиғадан кейін жәбірленуші полицияға хабарласқан, алайда қылмыскерді бірден ұстау мүмкін болмаған. Тек 16 жыл өткеннен кейін, ДНҚ үлгілерінің көмегімен қылмыскер табылып, қамауға алынды.

Айыптау актісіне сәйкес ер адамның шалбарының бел аймағында тесік болған. Тергеу мәліметтері бойынша ол студент қызға жалаңаш жыныс мүшесімен үйкелген. Оқиғадан кейін студент қыз полицияға хабарласып, оның курткасынан ДНҚ үлгілері жиналды. Алайда шабуыл жасаған адам 16 жыл өткен соң ғана қолға түсті.

Франция полициясының қолына бұрын жиналған биологиялық үлгілер түсіп, олардың арқасында шабуылдаушының жеке басы анықталды. Ол 43 жастағы Жак Деза Джа болып шықты. Жак Парижде тұрып, жұмыс істеген. Бірақ кейде Ұлыбританияға сүйіктісіне қонаққа барып тұрған. Барлық дерек анықталғаннан кейін оны қамауға алып, 6 айға бас бостандығынан айырды.

ТАНЫМ

Бүгін белгілі этнограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлық иегері Ақселеу...

Заң

Астана қаласының тұрғыны әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованы жалған мәлімет таратты...