Қазақ боксшылары Черногорияның Будва қаласында жастар арасында өткен әлем чемпионатында үш алтын мед...
Рыбакинаның ойынын көруге танымал футболист Неймар келді
Фото: x.com/WTA
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (№5) Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA-ның Қорытынды турниріндегі кездесулерін бастады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulyssport.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Күлгін топтың бірінші кездесуінде Рыбакина соңғы Ролан Гаррос пен Уимблдонның финалисті болған италиялық Жасмин Паолинимен (№4) кездесті. Кездесудің құрметті қонағы ретінде Бразилияның футболдан құрамасы мен Сауд Арабиясының «Әл-Хилал» командасының шабуылшысы Неймар да көрермендер қатарында болды.
Кездесу екі сетте 7:6 (5), 6:4 есебімен италиялық спортшының жеңісімен аяқталды. Матч 1 сағат 44 минутқа созылды.
Сондай-ақ бұл төрттікте әлемнің бірінші ракеткасы беларусиялық Арина Соболенко мен қытайлық Чжэн Цинвэнь (№7) бар. Соболенко бірінші раундта Цинвэнді 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Келесі кездесуде Рыбакина қытайлықтарға қарсы ойнайды. Матч 4 қарашада өтеді.
Еске сала кетсек, Рыбакина соңғы рет тамыз айында US Open 2024 турнирінің бірінші кезеңінде кортқа шыққан. Ол екінші айналымнан шығып, кейін Сеул, Бейжің және Уханьдағы турнирлерге қатысудан бас тартқан еді.