“Ол сияқты еңбекқор спортшыны көрген емеспін": Ақжол Махмудовтың бапкері шәкірті туралы айтты

Егемен Қазақстан газеті

Спорт
810

Грек-рим күресінен әлемнің екі дүркін чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, қырғызстандық балуан Ақжол Махмудовтың жеке бапкері Мейрамбек Ахметов шәкіртінің еңбекқорлығы туралы айтты. Бұл туралы"Егемен Қазақстан" газеті хабарлайды.

Мейрамбек Ахметов шәкірті Ақжол Махмудовты 14 жасынан бастап жаттықтырып келе жатқанын айтты. "Ақжол маған 2013 жылы 14 жасында келді. Салмағы 38 кг. Арық, сұңғақ бала. Көзіне қарап, ойлы екенін білдім. Күресті ішімен сезетінін аңғардым. Алғашқы жаттығуларда-ақ сезімтал, табанды қасиетін байқатты. Әкесі Махамаджан отбасын асырау үшін тандыр нан пісірді. Ақжол кішкентайынан нанды велосипедпен Бішкектің әр қиырындағы сауда орындарына таратуға жәрдемдесті. Сабағы мен жаттығуы болса да, ерінбей, аянбай әкесінің қолғанатына айналды. Сөйтіп жүріп бір тиынның қадірін білді, ширады, пісті, бейнетпен есейді", - деді бапкер Мейрамбек Ахметов. Сондай-ақ Мейрамбек Ахметов балуан Ақжол Махмудовтың бойындағы ерекше таланты мен еңбекқорлығын ерекше ықыласпен жеткізді. "Мен осы жасыма дейін Ақжол секілді бейнетқор спортшыны көрген емеспін. Ол жаттығудан кейін өз еркімен 1-1,5 сағат тер төгеді. Кейде зорығып қалмасын деп залдан қуып шығамын.

Ақжол талантты, еңбекқор, ойлы әрі жүректі балуан. Алла Тағала оның бір басына чемпионға тән қасиеттің бәрін бере салған", - деп пікір білдірді балуанның жеке бапкері. Айта кетейік, Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 77 кг дейінгі салмақта қырғызстандық Ақжол Махмудов қола медаль еншілеген. Ал осы салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық балуан Демеу Жадыраев күміс медаль иеленді.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...