Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін турни...
Абай облысындағы колонияда неке қию рәсімі өтті
Сурет: polisia.kz
Абай облысындағы аралас қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда 6 жыл бойы күткен неке қию рәсімі өтті, деп хабарлады madeniportal.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бөтеннің мүлкін иемденгені үшін бас бостандығынан айырылған 53 жастағы сотталған азамат өзінің өмірлік серігімен заңды некесін қиды.
Жазасын өтеуші Тараз қаласының бұрынғы тұрғыны бес жылдық мерзімге сотталған. Бүгінгі таңда сүйіктісімен бірге өздерінің арманына қол жеткізіп, неке куәліктеріне қол қойды.
Салтанатты рәсім Семей қаласының Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің өкілімен қысқа мерзімді кездесу бөлмесінде өткізілді. Қалыңдық сүйіктісін түрмеге алынған сәттен бастап қолдап келген. Дегенмен, бұл олардың алғаш рет бір-бірімен бетпе-бет жүздескен сәті еді.
Колония басшылығының айтуынша, сотталғандарға неке құру арқылы түзелуге және мерзімінен бұрын босатылуға ұмтылу мүмкіндігін беру маңызды.
Бұл туралы мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов: “Отбасы құру сотталғандарды қайта тәрбиелеуге, оларды түзелуге ынталандырады”, — деп атап өтті.
Салтанатты күні өз сезімдерін білдірген жас қалыңдық: “Сүйген адамымның басына қиындық түскенде, оның жанында болмасам, өмір сүргенімнің мәні жоқ деп білемін. Иә, ол қателік жасады, бірақ қателігін түзеуге көмектескім келеді. Ол қатты өкінеді, мен мұны білемін. Енді біз бір отбасы болдық”, — деді.