Ресей Қазақстанға жылу электр станцияларын салуды биыл бастауы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында...
ШОШҚАНЫҢ ЕТІН НЕ СЕБЕПТІ ЖЕУГЕ БОЛМАЙДЫ?
«Қабанның етін жеу күнә ма? Нақты дәлелмен айтып берсеңіздер. Маңызды» депті Фейсбуктегі Әсел Әбілбек деген қызымыз. Сол қызымызға жауап:
Қабан – жабайы шошқаның да, қолға үйретілген доңыздың да еркегінің аты. Қазіргі қолға үйретілген шошқаның арғы атасы – жабайы қабан. Оның ұрғашысын мегежін, ұрпағын торай деп атайды. Кейбіреулер шатасып «қабан тек шөптің тамырын ғана жейді, сондықтан оны мұсылмандардың жеуіне болатын шығар» деп өздерінше қате бәтуа айтуға тырысады. Ал қасиетті Құранның «Әнғам» сүресінің 145 аятында: «Өлексе, сұйық қан, доңыз және Аллаһтан басқаның атымен сойылған жануарларды жеу харам болады» делінген.Көріп тұрсыздар, доңыз аталатын қабан да, шошқа да харам! Біздің ислам дінінде Алла тағаланың харам деген нәрсесін халал деген адам діннен шығып кетеді. Сондықтан білмейтін нәрсеге үкім айтып күнәға батпаңыздар.
Жалпы шошқа біткенді үш себептен жемейді. Біріншіден, шошқада аяушылық сезімі болмайды. Көп жағдайда шошқа өзінің туған баласын өзі жеп қояды. Екіншіден, шошқада қызғаныш сезімі болмайды. Жыныстық жетілген қабан өзінің анасына шаба береді. Үшіншіден, шошқа өте лас хайуан. Қазір шампуньмен жуып қоя берсең бес минутта қаз қалпына қайта түседі.
Адам баласының мінезі, өмір сүру сипаты жеген қорегіне қарай қалыптасады. Қазақтарды жылқыға теңейтіні содан. Ал шошқа етін жеген адамдарда жақындарына, ата-анасына, бауырларына аяушылық сезімі көбіне жойылып кетеді. «Караван» газетінде ана жылы өзінің анасына үйленген жігіт туралы материал жарияланып еді ғой. Осындай азғындықтар мен сұмдықтар адам ағзасына түскен әлгіндей харам азықтардан туындайды. Харам тағам адамның пейілі мен ниетін бұзады. Ниеті бұзылған адам неше түрлі жамандықтарға бара береді.
Шошқаның ластығы, харамдығы адамның рухын былғайды, аузы толған былапыт, боғауыз сөз болады. Харамға үйір адамның тіршілігі де харам болады. Өзі түрлі жыныстық аурулардың ұясына айналады. Балалары ата-анасына қарамай тастап кетеді. Ондай қарттар «біз баламыздың тәрбиесінің қай жерінен қателестік» деп басы қатады. Өзінің харам тамақтар пайдаланғанын, балаларына да жегізгенін қаперіне де алмайды.
Тағы бір ескеретін жағдай: шошқадан адамға доңыз тұмауы, трихинеллез, ботулизм, токсоплазмоз, тулерямия, құтыру, сальмоноллез сияқты аса қауіпті 100-ден астам ауру түрлері жұғады. Мұндай вирустар мен микроорганизмдер жабайы шошқада да, үй шошқасында да көптеп кездеседі. Сондықтан шошқа мен қабанға адвокат болмай Алла тағала тыйған нәрселерден тыйылып, харам өнімдерден аулақ жүріңіздер!
Марат Бәйділдәұлы (Тоқашбаев)