Салтанат Нүкенованың өмірден өткеніне 1 жыл болды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2362

Жұбайының қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың дүниеден өткеніне бүгін бір жыл болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Салтанат Нүкенованың өлімі, отбасыдағы әйел мен еркек арасындағы кейінгі жылдардағы Қазақстандағы ең атышулы, назарда болған істердің бірі болды. Бұл трагедия елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін ашық көрсетті. 

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова 2022 жылы тамызда танысқан. Сол жылы желтоқсанда олар мұсылманша неке қиған. Алайда ресми некеге отырмады. 

Осы оқиғадан кейін тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп жүрген әйелдер үнсіз қалмай, ашық ойларын айтып шығып жатты. Экс министрдің соты әділ өтуін, жазалануын талап еткен халық сот шешімін онлайн бақылап отырды. Бұл - Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған жағдай. Сот барысында Салтанат Нүкенова соққыға жығылған сәттер бейнеленген бейнежазбалар ұсынылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жарақат алған адамдарды құтқармақ болып, көз жұмған жас фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы ж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлады МadeniPortal.kz . Ә...