Астанада полиция қызметкері көпірден секірмек болған 42 жастағы әйелді құтқарып үлгерді, деп хабарла...
Ақмола облысындағы бораннан көліктерді құтқаруға 24 патрульдік автокөлік жұмылдырылды
Фото: el.kz
9-10 қарашада ауа райының қолайсыздығына байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Ақмола облысының патрульдік полиция батальоны мен ротасының қызметкерлері үш автокөлік легін алып жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz ҚР ІІМ сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері Астана-Петропавл және Астана-Ерейментау-Шідерті бағытындағы тас жолдарда 500-ге жуық жеңіл және 150 жүк көлігін алып жүрді. Іс-шараға 49 полиция қызметкері мен 24 патрульдік автокөлік жұмылдырылды.
«Бүгін кешке ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қозғалысына шектеу қайта енгізіледі деп күтіліп отыр. Осыған байланысты полицейлер көлік жүргізушілеріне қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға, арнайы қызметтердің ауа райы өзгерістері мен жолдардың жабылуы туралы хабарламаларын ескермеуге кеңес береді», – делінген хабарламада.