Жексен Тоқтарбай. Чип соғысы

Жаңалықтар
1532



Чипті айтқанда ең алдымен телефон чипі есімізге түседі. Дәл сол кішкентай ғана затқа әлемнің тағдыры байланып отыр. 

Қалай дейсіз ғой. Бүгінгі таңда чипсіз ешбір электроника жұмыс жасамайды. Бәрінде чип бар. Берісі электронды ойыншықтан тартып, арысы ұшақ, машинаға дейін осы чип болмаса жұмыс істемейді екен. Демек кім чип өндірсе әлемнің электроникасы соның қолында деген сөз. Чип жасау өте жоғары техниканы талап ететін өндіріс. Әдетте чиптің беті өте жұқа материалдан тұрады. Оның жұқалығын елестету үшін бір тал шашты көз алдыңызға келтіріңіз. Чиптің бетіндегі материал сол бір тал шаштың қалыңдығынан 30 000 есе жұқа болады. Сондықтан чип жасайтын жабдықтарды жасау өте қиын, чип шығаратын өндіріс салу өте қымбат. 

Дүние жүзінде тек санаулы ғана компания өндіреді. Олардың көш басында Тайван тұр. Бүкіл әлемнің 80% чипі Тайваннан шығады. Басқасын Оңтүстік Кореяның Samsung және АҚШ-тың Intel компаниялары өндіреді. Тағы бір аз бөлігін Жапония шығарады. 

Демек, кейбір елдерге кішкентай ғана чиптің өзі атом бомбасынан да қатты үрей тудырып отыр. Тек, осы чиппен ғана бір елдің экономикасын ортасына түсіріп тастауға болады. Сондықтан қазір «Чип соғысы» деген жаңа соғыс пайда болды. 

Байден мырза АҚШ-тың чип өндірісін қолдау үшін өткен жылы 50 миллиард доллар бөлетін бұйрыққа қол қойды. Бір бәлені сезген Қытай үкіметі дереу 35 миллиард долларды чип өндірісі мен оны зерттеуге бөліп салды. 

Жапония мен Индия да өз чиптерін өздері жасауға кірісіп жатыр. Қиын болғанда бұл чип жасайтын машиналардың бәрі АҚШ-та өндіріледі екен. Демек, АҚШ-қа бәрінің күні қарап тұр деген сөз. 

Ал, енді біз қайттік? 

Қазір әлемді атом бомбамен қорқытатын кездің өткенінің бір дәлелі осы. Мықты ғылым техника, мықты өндіріс қазіргі заманның басты талабы.


Шоу-бизнес

Бір кездері өнер әлемінде жарқ еткен, алайда кейін көрінбей кеткен әнші Сырым Исабаев "1001 түн" бағ...

Спорт

Қазақстандық зілтемірші Артем Антропов ауыр атлетикадан Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем...