“Шілде айынан бері жоқ”: Қуандық Бишімбаевтың түрмеде емес екені рас па?

Фото: Жоғарғы сот

Жаңалықтар
619

AIRAN басылымының журналистері өздерінің YouTube каналында Қуандық Бишімбаев туралы тың мәлімет ұсынды, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Әйелі Салтанат Нүкенованы жауыздықпен өлтірген экс-министр 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді.  AIRАN басылымының журналистері Қуандық Бишімбаевтың Аршалы ауылындағы колонияда жоқ екенін айтты. Тілшіге колониядағылар Бишімбаевтың Аршалыда жоқ екенін, ол шілде айынан бастап қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталушының қайда екендігі туралы ақпаратты жарияламағанын және оны құпия ұстайтынын айтты. Экс-министрдің шілде айынан бері қайда екені белгісіз.

Тіпті, оның түрмеде әлі қандай жұмысқа орналасқаны туралы да ақпарат тарамады.

Жаңалықтар

Жаңа адамдар Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті деканының қызметтен босатылуын...

Жаңалықтар

Оқиға Есет батыр шағын ауданында болған. Ойын баласының аулаға жүгіріп шығып, көлік астына түскен сә...