QAZFORUM қазақ тілді онлайн-контентін жасаушылардың "Қазақ тілді интернет: жаңа шындықтар мен с...
"Шерзаттың әкесі сотталсын”: күдіктілердің ата-анасы үндеу жасады
Фото: Видеодан алынған кадр
Шерзат Полаттың өліміне қатысты күдіктілердің туыстары мәлімдеме жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Күдіктілердің ата-анасы қайғылы оқиға болған күнді еске алды. Олар соттың әділ өткенін қалайды. Шерзаттың әкесі Қаржаубай мен ағасы Нұрқанатты қоса жазалау керек екенін айтты.
kris_p_talgar instagram парақшасында видео жарияланды. Видеода күдіктілердің ата-анасы мен туыстары қайғылы оқиға болған күн үшін кешірім сұрады. Олар балаларының кінәлі екенін айтты. Бірақ, сол түнгі Қамажай дүкенінің алдында болған төбелесте Шерзаттың әкесі мен ағасы да кінәлі, олар сол жанжалды ушықтыруға себеп болғанын жеткізді. Күдіктілердің туысқандары Шерзаттың ағасы Нұрқанат бірінші болып көліктен мылтық алып оқ атқан, ал марқұм Шерзаттың өзі бір жігіттің жақ сүйегін сындырып, содан жанжал басталып кеткен деп отыр.
“Екі тарапқа да әділ сот болуы керек. Олар Шерзатты өлтіруге арнайы барған жоқ, олар ОПГ да емес. Жігіттер сол түні жәй ғана кафеде отырды. Сол кезде Дархан деген жігіт телефон шалып, оларды шақырып алған. Ал Қаржаубайдың інісі Нұрқанат екеуі кезінде сол Дарханмен бірге арақ ішкен. Сол себепті қазір Қаржаубай үнсіз отыр. Олай болса, Дарханды да жазаға тартсын”, - дейді күдіктілердің аналары.