Алматыда із-түзсіз жоғалған 30 жастағы әйелдің денесі табылды

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
205

Алматыда 26 қазанда жоғалып кеткен 30 жастағы Әйгерім Сыпатаева өлі күйінде табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Еріктілердің мәлімдеуінше, Әйгерім Сыпатаева 26 қазан күні түнгі сағат 21:00 шамасында Алматының Медеу ауданындағы үйінен шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Қыздың денесі 10 қарашада табылды делінген. "Марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазды еріктілер.

Алматы полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне 30 қазанда Алмалы ауданындағы үйлердің бірінен жас әйелдің зорлық-зомбылық белгілері жоқ денесі табылғанын хабарлады. "Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, өлім жедел жүрек жеткіліксіздігінің салдарынан болған", - деп мәлімдеді қалалық полиция өкілдері.

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...