Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі алаяқтық үшін сотталды

Фото: freepik.com

Жаңалықтар
165

Солтүстік Қазақстан облысының экс-әкімі алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Самат Ескендіров үлескерлерді алдап, жерлерін сатып жібергені үшін сотталған.

“Жауапкер Е. және басқа тұлға несие алу үшін жалған жиналыс хаттамаларын жасаған. Олар ЖШС қатысушыларының келісімінсіз Бурабай ауданы тұрғындарының жер телімдерін кепілге қойған. Бір топ адамдар ауыл тұрғындарының жер үлестерін заңсыз иемденіп, еншілес кәсіпорынға жер учаскесін кепілге берген және иеліктен шығарған. Нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі көлемде материалдық залал келтірілген. Бұл әрекет Қылмыстық кодекстің "Адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемдегі алаяқтық" ретінде бағаланады”, – деп мәлімдеді Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотының баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, экс-әкімнің кінәсі жәбірленушілер, куәгерлер, тінтулер, тәркіленген төлем тапсырмалары, сараптамалық қорытындылар және тәуелсіз аудитордың айғақтарымен дәлелденді.

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...

Жаңалықтар

Ақмола облысы Атбасар қаласындағы тұрғындар жаңа үйдің құрылысына сын тақты, деп хабарлайды mad...