Қостанайда интернат тәрбиеленушісі әкімдікті сотқа берді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Жаңалықтар
209

Қостанайда интернат тәрбиеленушісі әкімдікті сотқа беріп,  кезекке қою мерзімін түзетуді талап етті, деп хабарлады madeniportal.kz azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Н. есімді азамат тұрғын үйге кезекке қою мерзімін түзету үшін Қостанай қаласы әкімдігіне қатысты талап-арыз берген. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азамат интернат мекемесі тарапынан тұрғын үй кезегіне кеш қойылғанын мәлімдеген.

Талапкердің кезекке алыну мерзімі 2013 жыл болғанымен, сол кездегі қолданыстағы заңнама бойынша ол бұл құқықты 2009 жылдың шілдесінен бастап ала алатын еді. Сот талқылауына дайындық барысында тараптарға медиативтік келісім жасасу ұсынылды және олар бұл ұсынысты қабылдады.

Медиативтік келісімге сәйкес, жауапкер әкімшілік талапқа сай азаматтың тұрғын үй кезегіне қою мерзімін түзетуге міндеттеме алды.

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...

Жаңалықтар

Журналист Гүлмира Әбіқай «Елге көмек» қайырымдылық қоры туралы тың мәлімет жариялады, де...