Жанар Хамитованың өліміне қатысты тың ақпарат пайда болды (видео)

Жаңалықтар
8767

Әлеуметтік желіде Жанар Хамитованың өліміне қатысты жаңа дерек пайда болды. Тележүргізуші Дина Төлепберген өз парақшасында марқұмның ағасы Тәшібек Хамитовпен тілдескен тілшінің аудиожазбасын жариялады.

Журналист әншінің өлімі жайлы түрлі қауесеттер тарағанын алға тартты. Ол Жанар жайлы ақпараттың жалған екенін, шын мәнінде эстрада жұлдызының жүрегі тоқтап қалғанын жеткізді.

"Желіде Жанар жайлы қанқу сөздер өріп жүр. "Асылып қалыпты, өзіне қол жұмсапты" деп көсіліп жатыр білгіштер. Ал шынтуайтына келгенде Жанардың нәзік жүрегі мына өрімтал өмірге шыдас бермей өз соғуын тоқтатты. Нақтысы осы",- деді ол.

Өз сөзіне дәлел ретінде Дина марқұм қарындасы жайлы айтқан Тәшібек Хамитовтің аудиожазбасын көпке ұсынды.

"Аудиода "Астарлы ақиқат" редакторы Руслан Үтепбей мен Жанардың ағасы Тәшібек Хамитовтің әңгімесі. Жалған ақпаратқа бой алдырмайық. Жанар, жатқан жерің жайлы болсын...", - деп толықтырды журналист.

Ал жазбаға бекітілген аудиожазбада Тәшібек Хамитов қарындасының неден көз жұмғанын түсіндірді.

"Үйді тазалап жатқанда жүректен кетті. Қарқаралыға келгеніне 1-2 күн болды. "Асылып, қайтыс болды" деген қауесет жалған. Үйде еден жуып жатқанда көз жұмды", - деді марқұмның ағасы.

Сондай-ақ, қара жамылған жанұя мүшесі әншіні сәрсенбі күні жер қойнына тапсыратынын айтты.



Жаңалықтар

Шохан Уәлиханов - ешкім емес. Бұл туралы Жазушы, сценарист Перизат Мырзахмет "Кейде ойланам" подкаст...

Жаңалықтар

Белгілі сазгер, ақын Бақтияр Құрманайқызы отандан кейінгі жағдайын айтып, желіде жазба жариялады,&nb...